Семейде 24473 адам жер кезегінде тұр

639

Даниал Ахметов алған жеріне үй сала алмағандарға кеңшілік жасамауды тапсырды.

Семейде 24473 адам жер кезегінде тұр

Жеке тұрғын үй салу үшін берілген жер телімдерінің бос жатуына көп жағдайда инженерлік инфрақұрылымның жоқтығы себеп. Осы мәселені шешу үшін Шығыс Қазақстанда жеке тұрғын үй құрылысына арналған аумақтарға кезең-кезеңмен инженерлік инфрақұрылым тарту көзделген. Қазіргі таңда Семей, Өскемен және Аягөз қалаларындағы 1 кезеңге кірген 2 591 жер учаскесі бар. Осы аумақтардан тұрғындарға 1700 учаске берілген. Алайда, соның тек 602-сінде жұмыс аяқталса, 790 учаскеде құрылыс басталмаған да. Облыстық әкімдікте өткен жиында Даниал Ахметов осы мәслеге қатты алаңдайтынын білдірді. 

"Жер алған тұрғындар онда үй салуға мүдделі болу керек. Қажетті инфрақұрылым жүргізілген, жарық пен су тарттық. Сондықтан берілген учаскелерде құрылыс жұмыстары жүріп жатқанын қатаң бақылауымыз қажет. Әкімдер бұл бағыттағы жұмысты жалғастыруы керек", - деді облыс әкімі Д. Ахметов.

Көпқабатты үйден пәтер алуға жағдайы жоқ тұрғындар үшін Өскемен қаласындағы №20 шағын ауданда жер үйлер салынып жатыр. Осы аумақтан 119 үй қолданысқа берілген. Дәл осындай үйлер Семейдің "Ұшақтар", "Комсомольский" аудандарында, Аягөз қаласының "Мясокомбинат" шағын ауданында бой көтермек. Облыс әкімінің баспасөз  қызметінің хабарлауынша, жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер кезегінде тұрған өскемендіктердің саны 4206 адамғажеткен. Ал Семейде 24473 адам жер кезегінде тұр.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу