Абай облысында полиция қызметкерлері арнайы іс-шара барысында Семей қаласының тұрғыны басқарған Toyota маркалы автокөлікті тоқтатып, оның 26 әкімшілік құқықбұзушылық бойынша төленбеген айыппұлдары барын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрескел заңбұзушының мойнындағы жалпы қарыз айыппұлдар сомасы 500 мың теңгеден асады.
Барлық құқықбұзушылықтар белгіленген жылдамдықты асыру және бағдаршамның тыйым салатын белгісіне өту деректері бойынша тіркелген, бұл жол қозғалысы қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіреді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу