Семейде 40 тұрғынға пәтер кілті табысталды

778

50 шығысқазақстандық азаматқа мемлекеттік награда мен орден табыс етілді.

Семейде 40 тұрғынға пәтер кілті табысталды

Үкімет басшысының бірінші орынбасары Әлихан Смайылов пен ШҚО әкімі Даниал Ахметов Қарағайлы шағын ауданында орналасқан үйлерден 40 азаматқа пәтер кілттерін табыстады, деп хабарлайды primeminister.kz.

Айта кетсек, биыл ШҚО-да 122 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған, бұл – 8 мыңнан астам пәтер. Оның 25-і, яғни 1493 пәтер қолданысқа берілді. Жалпы, жыл қорытындысы бойынша "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" салымшылары мен үй кезегінде тұрған 2665 адам қоныс тойын тойлайды. "7-20-25", "Бақытты отбасы" мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары арқылы көп балалы, толық емес және ерекше күтімді талап ететін балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға жеңілдік шаралары қарастырылған. Айта кету керек, жыл басынан бері тұрғын үй кезегінде тұрған 440 көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасы баспаналы болды.

Әлихан Смайылов сондай-ақ, ҚР Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиынға қатысты.

Салтанатты шара барысында 50 шығысқазақстандық азаматқа мемлекеттік награда мен орден табыс етілді. Бес тұрғынға "Шығыс Қазақстанның құрметті азаматы атағы" берілді. 

Марапатталушылар ішінде "Парасат" орденін ғалым Арап Еспенбетов, "Абай Құнанбаев" қорының негізін қалаушы Балтабек Ерсәлімов "Құрмет" орденін иеленді. Шара соңы қазақстандық жұлдыздардың қатысуымен өткен мерекелік концертке ұласты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу