Семейде 6 студент дроппер болып, алаяқтарға 16 млн теңге аударуға көмектескен

437

Тергеу жалғасып жатыр. 

Семейде 6 студент дроппер болып, алаяқтарға 16 млн теңге аударуға көмектескен Фото: kp.ru

Семей қаласында алты студенттің дроппер болып, алаяқтарға 16 млн теңге аударуға көмектескені анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Семей қаласында жергілікті университеттің алты студенті анықталып, олардан жауап алынды.

"Тергеу деректері бойынша, оларға тиесілі банк карталары ақша қабылдау үшін пайдаланылған. Кейін түскен қаражат бөлшектеліп, басқа шоттарға аударылған. Бұл оның шығу тегін жасыруға, қаржы ағынын бақылауды қиындатуға және кейін ақшаны қолма-қол шешіп алуға мүмкіндік берген. Студенттердің біреуінің ғана шотына 25 азаматтан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен. Ақша жіберген азаматтар интернет-алаяқтыққа байланысты істер бойынша жәбірленушілер екені анықталды. Олар елдің 11 өңірін қамтиды: Абай, Қарағанды, Ақтөбе, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Жамбыл және Алматы облыстары, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалалары", – делінген агенттік хабарламасында.

Тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу