Семейде 8 саяжай өртенді

701

Өртті 11 техниканың көмегімен 40 маман сөндірген.

Семейде 8 саяжай өртенді

Семейде 8 саяжай мен 6 шаруашылық нысаны өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

ШҚО ТЖД мәліметінше, оқыс оқиға кеше Мирный саяжай аумағында болған. Онда құрғақ шөп пен қамыс өртенген. Кейін қызыл жалын 8 саяжай мен 6 шаруашылық нысанын шарпыған. Өрттің жалпы ауданы – 1000 шаршы метр.

Тілсіз жауды ауыздықтауға 11 техника мен 40 өрт сөндіруші жұмылдырылды.

Мамандар тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға, даладағы шөпті өртемеуге шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу