Семейде алты шағын ауданды дамытуға 2 млрд теңге бөлінеді

571

Мұндай мәліметтерді Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов Нахаловка, 14 шағын аудан, 905 құрылыс аудандарының, Цементшілер, Степной, Западный кенттерінің тұрғындарымен кездесуде келтірді, деп жазды inbusiness.kz.

Семейде алты шағын ауданды дамытуға 2 млрд теңге бөлінеді

Кездесу басында қала әкімі тұрғындарды биылғы жылы атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы таныстырды. Сондай-ақ биылғы 5 айдағы қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы айтып берді.

"Қала әкімі қызметіне кіріскен сәттен бастап мен қала тұрғындарымен тұрақты түрде кездесулер өткіземін. Осы кезеңде 178 көшпелі кездесу өткізілді, оның 136 – қалада, 42 – ауылдық округтерде өтті. Біз тұрғындармен кездесулердің қорытындысы бойынша Семей қаласының 2022 жылға арналған әлеуметтік тәуекелдер картасын құрастырдық. Аталған картаға сәйкес, 199 мәселе бюджеттен қаржыландыруды талап етеді", – деді Бақытжан Байахметов.

Қала инфрақұрылымының тозуы ең өзекті мәселелердің бірі. 

Бақытжан Байахметов жүргізіліп жатқан жұмыстар мен бүгінгі кездесуге қатысушылар тұратын шағын аудандардың даму перспективалары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Жолдың жағдайын жақсарту үшін өткен жылы Синицын көшесіне Рысқұлов көшесінен Спартак көшесіне дейін жалпы ұзындығы 0,4 шақырымға орташа жөндеу жүргізілді. 6 көшеге құм-қиыршық тас қоспасын және қиыршық тас себу арқылы жөндеу жұмыстары, оның ішінде Степной кентінде негізгі жолдан соңғы аялдамаға дейін, 14 шағын аудан және 905 құрылыс аудандарында 5 көшеге: Пожарная көшесі Рысқұлов көшесінен Стаханов көшесіне дейін, Ақмола көшесі 2-Школьная көшесінен Жеңіс көшесіне дейін, Первомайская көшесі Рысқұлов көшесінен Стаханов көшесіне дейін, Галето көшесі Карменов көшесінен Докучаев көшесіне дейін, Қашаубаев көшесі Карменов көшесінен Рысқұлов көшесіне дейін жоспарланған.

Цементшілер кенті ауданында ұзындығы 2,8 шақырым болатын 5 көше жөнделеді. Нахаловка ауданында Щорса көшесінен Центральная көшесіне дейін Береговая көшесін орташа жөндеу жоспарланған, ұзындығы 1 шақырымды құрайды. Западный кентінде Батыс өнеркәсіп торабына апаратын 2,7 шақырым жол орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 14 шағын ауданда және 905 құрылыста Бозтаев көшесі, 1 "а" мекен-жайы бойынша (Қашаубаев көшесі Рысқұлов көшесінен Первомайская көшесіне дейін) өрт сөндіру бөліміне кіреберіс жолдарды орташа жөндеу жоспарланған. Первомайская Қашаубаев көшесінен Рысқұлов көшесіне дейін, Стаханов көшесі), ұзындығы 1,5 шақырымды құрайды.

Екінші жерүсті "Южный" жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы жүргізілуде. Таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары да жалғасуда.

"Аталған шағын аудандарда 6 мыңнан астам тұтынушыға қызмет көрсетіледі, олар "Үлкен" су тоғанынан сумен қамтамасыз етіледі. Су құбыры желілерінің негізгі бөлігі 70-ші жылдары салынған және су құбыры желілерінің тозуы 66,4%-ды, кәріз желілері 72,7%-ды құрайды. Қаланың сол жағалау бөлігіндегі ауыз судың сапасын жақсарту мақсатында Еуропа қайта құру және даму банкі аясында Западный кентіндегі Строительная көшесіндегі 3-ші тұйық көшеге су құбырын қайта жаңарту жүргізілді", – деді Семей қаласының әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу