Семейде арыстанға тас лақтырған адамдар іздестірілуде

137

Семейдегі балаларға арналған облыстық биологиялық орталықта болған оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тарап, көпшіліктің наразылығын тудырды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Семейде арыстанға тас лақтырған адамдар іздестірілуде Фото: canva

Кадрлардан келушілердің арыстанға тас лақтырғаны байқалады. Орталық мамандары мұндай жағдайлардың соңғы уақытта жиілеп кеткенін айтып, алаңдаушылық білдірді.

Оқиғаға байланысты Абай облысының Полиция департаменті тексеру жұмыстарын бастады.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта бейнебақылау камераларындағы жазбалар мұқият зерделеніп жатыр.

– Қазіргі уақытта бейнебақылау камераларының жазбалары зерделенуде. Ықтимал куәгерлер анықталып, олардан жауап алынуда. Қатысы бар адамдар анықталғаннан кейін олардың әрекетіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріліп, тиісті процессуалдық шешім қабылданады, – деп хабарлады полиция.

Құқық қорғау органдары күдіктілерді анықтау және оларды жауапкершілікке тарту бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.

Полиция өкілдері азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және жануарларға жауапкершілікпен әрі адамгершілікпен қарауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу