Оқиғадан кейін өрт бір қабатты автожуу ғимараты мен маңындағы екі жеке тұрғын үйге тараған. Екі адам күйік жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Өртті сөндіруге ТЖМ мен полиция қызметкерлері, жедел жәрдем мамандары және "Зеленострой" ЖШС-нің қызметкерлері жұмылдырылды. Барлығы 90-ға жуық адам мен 30 техника жұмыс істеді.
"Өрт толығымен сөндірілді. Қазір оның шығу себебі анықталып жатыр", – делінген ТЖМ хабарламасында.

Бұған дейін Семейде автожуу бекетіндегі өрт кезінде газгольдердің жарылғаны туралы жазған едік.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу