Семейде аяғы эскалаторға қысылып қалған әйелге құтқарушылар көмек көрсетті

90

112 пультіне Семей қаласының сауда орталықтарының бірінде әйел адамның аяғы эскалаторға қысылып қалғаны туралы хабарлама түскен.  

Семейде аяғы эскалаторға қысылып қалған әйелге құтқарушылар көмек көрсетті Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Оқиға орнына келген жедел-құтқару жасағының қызметкерлері қажетті авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен 1990 жылы туған әйелдің аяғын босатты, – делінген хабарламада,

Әйел адамды қажетті медициналық көмек көрсету үшін жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу