Абай облыстық ПД мәліметінше, Семей қаласындағы мейрамханалардың бірінде өткен стендап-шоу барысында блогер көпшілік алдында бейәдеп сөздер қолданған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Блогердің көрермендер алдында ашық түрде балағат сөздер қолданған жазбасы құқық қорғау органдары мен жергілікті тұрғындардың назарын аударды. Көптеген әлеуметтік желі қолданушылары осындай әрекетті сынға алып, қоғамдық іс-шараларда моральдық нормаларды сақтау және аудиторияға құрмет көрсету керектігін атап өтті.
Полицейлер видеоматериалдарды зерттегеннен кейін, қоғамдағы тәртіпті бұзғаны үшін блогерді әкімшілік жауапкершілікке тартты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу