Семейде биоорталықта арыстандарға тас лақтырғандар анықталды

135

Олар 36 және 29 жастағы ер адамдар болып шықты. 

Семейде биоорталықта арыстандарға тас лақтырғандар анықталды Фото: Sputnik/Ертай Сарбасов

Абай облысының Полиция департаменті биологиялық орталық аумағында орын алған оқиға бойынша құқық бұзушылардың жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері аталған фактіге қатысы бар тұлғаларды анықтады. Күдіктілер полиция бөліміне жеткізіліп, заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылды.

"Аталған факті бойынша полиция құқық бұзушылардың әрекеттеріне құқықтық баға береді. Мұндай заңға қайшы әрекеттерге жол берілмейді және заң аясында қатаң түрде жолы кесіледі. Полиция департаменті жануарларға қатыгездік жасау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салып, азаматтарды жануарларға гуманистік көзқарас танытуға, сондай-ақ қоғамдық тәртіп нормаларын қатаң сақтауға шақырады", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу