Семейде домофон мен камераны бүлдірген тұрғын 20 тәулікке қамалды

268

Ер адам ортақ мүлікті қасақана бүлдірген.  

Семейде домофон мен камераны бүлдірген тұрғын 20 тәулікке қамалды Фото: Бейнежазбадан

Оның әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Медициналық куәландыру нәтижесінде ер адамның есірткі заттарын қолданғаны расталды.

Сот оны мүлікті қасақана бүлдіргені, ұсақ бұзақылық жасағаны және есірткі заттарын медициналық емес мақсатта пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Сот шешімімен ер адамға 20 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу