Семейде BMW 520 көлігімен жол үстінде қауіпті маневрлер жасаған 20 жастағы жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Құқық бұзушылық әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталған. Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушінің жеке басын анықтап, Семей қаласының 20 жастағы тұрғыны Илья Займидороганы полиция бөліміне жеткізді.
Сот шешімімен ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін бес тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Полиция қауіпті маневрлер жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретінін ескертті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу