Семейде автобус жүргізушілері бекітілген нормадан артық жұмыс істеуде

498

Бір ауысымда 8 сағаттың орнына 10-12 сағат еңбек етеді.

Семейде автобус жүргізушілері бекітілген нормадан артық жұмыс істеуде Фото: inbusiness.kz

Семей қаласының тұрғындары қоғамдық көліктердің жолақысы қымбаттайтындығына наразы. Соңғы бірнеше күнде әлеуметтік желіде жол жүру ақысы өседі деген ақпарат тараған болатын.

Желідегі ақпаратта Семейде қоғамдық көліктегі жолақысының қымбаттайтыны туралы жазылған. Онда егер қазір автобуспен қатынау үшін қала тұрғындары 80 теңге төлесе, жаңа тарифпен жол жүру құны 100 теңге болатыны туралы жазылған.

Аталған мәселеге қатысты Абай облысының әкімдігі ресми мәлімдеме жасады. 

Жақын арада тариф өспейді. Жалпы, автобус паркінің жұмысы тұрақты бақылауда. Желіде кондукторлар, жүргізушілер мен көлік жетіспеушілігі мәселесі бар. Бүгінгі күні кесте 100% орындалмауда. Бұл мәселені бірнеше рет қарастырдық. Егер кондукторлардың тапшылығын валидаторларды орнату арқылы шешетін болсақ, онда жүргізушілерді тек жалақыны көтеру арқылы жұмысқа тартуға болады, - деді Абай облысы әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков.

Әкімдіктің ақпаратынша, автобус жүргізушілер белгіленген нормадан артық жұмыс істеп жүр екен.

- Семейдегі автобус жүргізушілері бекітілген нормадан артық жұмыс істеуде. Олар бір ауысымда 8 сағаттың орнына 10-12 сағат еңбек етеді. Ал қосымша төлемдерді ескергенде жалақылары айына 250 мың теңгеден аспайды, - дейді облысы әкімінің орынбасары.

Дмитрий Гариков қоғамдық көлік жүргізушілерінің еңбекақысын тарифты көтеру арқылы емес, мемлекеттік субсидия есебінен жүргізілетінін айтты.

- Басқа қалалармен салыстырып көрейік. Мәселен, елордада жүргізушілер қалыпты режимде жұмыс істесе де, 400 мың теңгеден жоғары айлық алады. Бұл мәселені шешу үшін біз арнайы жол картасын жасап, жүргізушілердің жалақысын көтеру механизмін әзірледік. Бірақ бұл тарифті көтеру арқылы емес, мемлекеттік субсидия есебінен жүргізілетін болады, - деді Дмитрий Гариков.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу