Семейде көпқабатты үйдегі өрттен 31 тұрғын құтқарылды, оның 14-і балалар

574

Семейде тоғыз қабатты үйден өрт шықты. Алтыншы қабатта пәтердегі жиһаздар өртенді. 

Семейде көпқабатты үйдегі өрттен 31 тұрғын құтқарылды, оның 14-і балалар

Баспалдақпен 6-қабатқа көтерілген өрт сөндірушілер түтін басқан үйден 2006 және 2008 жылы туған екі баланы алып шықты.

Олар уланып ауруханаға жеткізілді. Тағы 31 тұрғынды, оның 14-і балаларды өрт сөндірушілер баспалдақта аман алып қалды. Балаларына көмектеспек болған пәтер иесі күйік шалып, ауруханаға түскен. Сондай-ақ өрт сөндірушілер қауіпті аймақтан 50 адамды эвакуациялады, оның 15-і балалар. Өртті ауыздықтауға 40 адам мен 10 техника жұмылдырылды.

Өрттің алдын ала себебі - электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу