Көру қабілеті бұзылған жандарға тегін такси пайда болды

909

Көру қабілеті бұзылған жандарға тегін такси пайда болды

Семейде көзі нашар көретін жандар енді "Инватакси" қызметіне жүгіне алады. Осы уақытқа дейін бұл мүмкіндік жанарынан айырылған жандарға көліктің аздығынан қолжетімсіз болып келген еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Семейде тірек - қимыл аппараты бұзылған бірінші және екінші топтағы 2 мыңнан астам мүгедек тұрады. Ал 700 ден астамы арбаға танылған.  Олар үшін "Семей аумақтық мүгедектер қоғамы" қоғамдық бірлестігі "Инватакси" қызметін ұсынады. Енді тегін такси қызметі көзі нашар көретіндер жандар үшін де көрсетілетін болды.  Себебі, қалада көру қабілетінен айырылған  90-ға жуық адам тұрады.

"Семей аумақтық мүгедектер қоғамы" қоғамдық бірлестігінде мамандырылған 3 көлік қарастырылған. Алайда көру қызметі бұзылған тұрғындар үшін тегін көлік қызметі қолжетімсіз болған еді. Осы мәселені шешу мақсатында қалалық бюджет есебінен екі автокөлік сатып алынып, пайдалануға берілді.

"Тапсырыстар 1 күн бұрын алынады. Бір  көлік күніне 6 тапсырысқа дейін қабылдайды. Көзі нашар көретіндер үшін тегін көлік қызметі болмаған. Бірақ мәселе шешілді деуге болады. Осы айдың соңына дейін тағы бір көлік пайдалануға беріледі", - деді "Инватакси" қызметінің диспетчері Толқын Исмағұлова. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу