Семейде құлаққаппен телефонға қарап келе жатқан жігітті пойыз қақты

279

Дәрігерлер оның оң аяғына ампутация жасауға мәжбүр болды.    

Семейде құлаққаппен телефонға қарап келе жатқан жігітті пойыз қақты Фото: rail-news.kz

Пойыз қаққан 23 жастағы жігіттің қабырғасы сынып, миы шайқалған, деп жазады inbusiness.kz сайты КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Қазір дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр. Ал оқыс оқиға сенбі күні шаһардың қақ ортасында болды.

Жүйткіп келе жатқан жолаушылар пойызы жігітті қағып өткен. Сол мезетте аяғы темір доңғалақтың астында қалып қойған.

"Ауруханаға түскен кезде бірден жансақтау бөліміне жатқызылып, шокқа қарсы терапия өткізілді. Ота жасалды. Оң жақ аяғының ортаңғы үштен бір бөлігіне ампутация жасалынды. Сол жақ санының жұмсақ тіндерінің жарасына бірінші хирургиялық өңдеу жасалды", – дейді Семей жедел медициналық ауруханасының бөлім меңгерушісі Дарын Бақтыбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу