Семейде құны 8 миллиард теңгелік қоқыс полигонының құрылысы басталды

94

Нысанды толық аяқтау және пайдалануға беру 2027 жылдың екінші тоқсанына жоспарланған.  

Семейде құны 8 миллиард теңгелік қоқыс полигонының құрылысы басталды Фото: Абай облысының әкімдігі

Абай облысында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылысы басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семей қаласының іргесіндегі нысанды түрік компаниясы 8 млрд теңгеге салады. 26 қарашада облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласының іргесінде бой көтеретін қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылыс алаңында болды. Мердігер нысан жобасымен таныстырып, көрсетті.

Құрылысты Түркияның Maхimsan компаниясы жүргізеді. Полигон жылына 300 мың тонна қатты тұрмыс қалдығын қабылдайды. Сұрыптау цехы бір жылда 75 мың тонна өңдейді.

Тура 25 жыл бұрын дәл осы түрік компаниясы облыс орталығындағы көпір құрылысына қатысқан.

"Енді, міне, тағы бір үлкен жобаға кірісіп жатырмыз. Полигон құрылысын Семейден 16 км жерде екі ай бұрын бастадық", – деді Maхimsan компаниясының вице-президенті Мехмет Каплан.

Полигон 100 гектар аумаққа орналасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу