Бұған қатысты Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінен жауап берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Белгілі болғандай, видео 2023 жылы түсірілген. Қазіргі таңда оқушы қыз жалпы орта мектептің 9-сыныбында оқуын жалғастырып жатыр. Ал ерсі қылық жасаған мұғалім бүгінде білім саласында жұмыс істемейді. Комитет бұрынғы мұғалімнің әрекетіне құқықтық баға беру үшін құзырғы органдарға да хабарласты, – делінген ақпаратта.
Абай облыстық Полиция департаменті желіде тараған ақпаратқа қатысты тексеріс жүргізілгенін мәлім етті.
– Оқиғаның 2 жылдан астам уақыт бұрын болғаны анықталды. Баланың ата-анасы арыз жазудан бас тартты, – деп хабарлады.