Семейде ойын-сауық орталығында ірі өрт шықты

92

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Семейде ойын-сауық орталығында ірі өрт шықты Фото: ҚР ТЖМ

Абай облысының өртсөндірушілері Семей қаласындағы Шугаев көшесінде орналасқан ойын-сауық орталығында шыққан өртті сөндіріп жатыр.

Ведомство мәліметінше, төтенше жағдай туралы хабарлама түскен сәттен бастап 6 минут ішінде күштер мен құралдар оқиға орнына жіберілген. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері жеткен кезде ғимарат ашық жалынмен жанып жатқан. Өрт салдарынан нысанның шатыры ішінара құлаған.

Әкімшілік өкілдерінің айтуынша, адамдар ғимараттан өздігінен эвакуацияланған. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы 112 нөміріне ақпарат түспеген.

Құтқарушылар өртті сөндіру жұмыстарының жоғары өрт жүктемесі мен қатты түтінге байланысты күрделенгенін хабарлады. Жалынды ауыздықтау үшін ғимарат периметрі бойынша су шашыратқыштар орнатылып, биік техниканың көмегімен жоғарыдан су беру ұйымдастырылған.

Оқиға орнында жедел штаб құрылып, судың үздіксіз жеткізілуі қамтамасыз етілген. Өрт сөндіру қызметі жоғары ранг бойынша жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу