Семейде "Өрмекші адам" қатысқан жарнамалық түсірілімнен кейін үш адам жауапқа тартылды

455

Түсірілімге қатысқан үш адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  

Семейде "Өрмекші адам" қатысқан жарнамалық түсірілімнен кейін үш адам жауапқа тартылды Фото: Бейнежазбадан

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полиция Семейдегі аспалы көпір арқылы қозғалып бара жатқан Mitsubishi Pajero көлігінің тіркемесінде "Өрмекші адам" костюмін киген адамның отырғаны түсірілген видеоны анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тексеру кезінде бұл сапардың қаладағы мейрамханалардың бірін жарнамалау мақсатында ұйымдастырылғаны белгілі болды. Полиция бейнежазбаға қатысқан азаматтарды анықтап, бөлімге жеткізді.

Нәтижесінде 23 жастағы көлік жүргізушісі жолаушыны тіркемеде тасымалдағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар жарнамалық түсірілімге қатысқан 18 жастағы "Өрмекші адам" мен оның 25 жастағы серіктесі де жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция креативті жарнама немесе ерекше түсірілім ұйымдастырған кезде де қауіпсіздік талаптары мен жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу