Семейде өртенген үйден 38 жастағы ер адам құтқарылды

928

Өртті сөндіруге 6 техника мен 30 маман жұмылдырылған. 

Семейде өртенген үйден 38 жастағы ер адам құтқарылды

Семей қаласында өртенген үйден 38 жастағы мүмкіндігі шектеулі ер адам құтқарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Семейдегі Сәтбаев көшесінде үй өртенген. Оған даладағы шөптің өртенуі себеп болған.

"Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер бірінші кезекте жер үйге кіріп, 1984 жылғы мүгедек адамды сыртқа алып шыққан. Өрттің жылдам тарауына қатты желде әсер еткен. Мамандар жалпы ауданы 24 шаршы метрге шарпыған өртті сөндірген", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу