Семейде полицейлер денсаулығы күрт нашарлаған ер адамды құтқарып қалды

66

Ер адам жүрегі ауырып, есінен тана бастаған.  

Семейде полицейлер денсаулығы күрт нашарлаған ер адамды құтқарып қалды Фото: polisia.kz

Полиция қызметкерлері Асхат Шаяхметов пен Нұрсұлтан Қуанышбаев қаланың орталық бөлігін патрульдеу кезінде жекеменшік сектор маңындағы қараңғы тұйықта үй қабырғасына сүйеніп тұрған ер адамды байқайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оның жағдайынан күмәнданған тәртіп сақшылары бірден жанына барып, көмек қажет екенін анықтаған. Ер адам жүрегінің қатты ауырғанын айтып, есінен тана бастаған. Бір секунд та жоғалтпаған полицейлер дереу жедел жәрдем шақырып, азаматты қауіпсіз қалыпқа жатқызып, дәрігерлер келгенге дейін оның есін жоғалтпауға көмектескен.

Бірнеше минуттан кейін оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы келіп, полицейлер медицина қызметкерлеріне ер адамды зембілге жатқызып, көлікке орналастыруға көмектесті.

Кейін инспекторлардың өздері бұл жағдай туралы қарапайым ғана:

– Біз тек керек уақытта, керек жерде болдық, – деп қысқа қайырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу