Семейде тендерге қатысты алаяқтық дерегі әшкереленді

192

Күдікті кінәсін мойындады.

Семейде тендерге қатысты алаяқтық дерегі әшкереленді Фото: polisia.kz

30 жастағы жеке кәсіпкер полицияға алаяқтық туралы арызбен жүгінген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жәбірленушінің айтуынша, 2024 жылы тамыз-қыркүйек аралығында бейтаныс ер адам сенімге кіріп, ақшаны көбейтуге көмектесемін деген желеумен тендерлерге қатысу арқылы пайда табуға уәде беріп, оның 4,3 млн теңгеден аса ақшасын иемденіп кеткен.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол 28 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Күдікті ақшаны жұмсап үлгерген.

"Дәлел ретінде банк мәліметінің көшірмесі тәркіленді. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деп хабарлады өңір полициясы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу