Семейде терроризмге қарсы оқу-жаттығу басталды

129

Шараға байланысты бірқатар көшеде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.  

Семейде терроризмге қарсы оқу-жаттығу басталды Фото: otyrar.kz

27 тамызда Семей қаласында Абай облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың ұйымдастыруымен терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіліп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Осыған байланысты "Дана" сауда үйі маңында және бірқатар көшелерде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілген.

"Тұрғындардан қауіпсіздік талаптарын сақтап, тек ресми ақпаратқа сенуді және мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз", – делінген ресми хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу