TikTok-тағы эфирді 12 мың адам көрген: Семейлік тұрғын ішімдік ішкені үшін 5 тәулікке қамалды

638

Эфир барысында әйел адам былапыт сөздер айтып, ішімдік ішіп отырғанын әдейі көрсеткен.  

TikTok-тағы эфирді 12 мың адам көрген: Семейлік тұрғын ішімдік ішкені үшін 5 тәулікке қамалды Фото: polisia.kz/Видеодан скриншот

Абай облысында әлеуметтік желіде тікелей эфир жүргізіп, балағат сөздер айтқан қала тұрғыны 5 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ішкі істер министрлігі атап өткендей, полиция қызметкерлері әлеуметтік желілердегі құқыққа қайшы контентті анықтау және оның жолын кесу бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

Семей қаласында жүргізілген мониторинг кезінде тәртіп сақшылары TikTok желісіндегі күмәнді тікелей эфирді тіркеді.

Бұл эфирді шамамен 12 мың адам тамашалаған. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде тәртіп бұзушының жеке басы жедел анықталды. Ол Семей қаласының 53 жастағы тұрғыны болып шықты.

Сот шешімімен азаматша ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, заңда белгіленген тәртіппен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу