Семейде TikTok-та балаларының көзінше балағат сөз айтқан 34 жастағы әйелге айыппұл салынды

351

Тұрғынға 20 АЕК айыппұл салынды.

Семейде TikTok-та балаларының көзінше балағат сөз айтқан 34 жастағы әйелге айыппұл салынды Фото: Бейнежазбадан

Семей қаласының 34 жастағы тұрғыны Сәуле Мурзагалиева TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде балаларының көзінше әдепсіз сөздер айтқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полиция мәліметінше, әйелдің тікелей эфирін шамамен 640 адам көрген. Эфир барысында балағат сөздер қолданғаны үшін оған қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Сот шешімімен әйел ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Полиция өкілдері әлеуметтік желідегі әрекеттер үшін де заң алдында жауапкершілік қарастырылғанын еске салып, азаматтарды қоғамдық әдеп нормаларын сақтауға шақырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу