Абай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары әйелдің эфир барысында былапыт сөздер айтып, қоғамдық тәртіпке қайшы әрекет жасағанын анықтаған.
Жүргізілген тексеру нәтижесінде оның Семей қаласының тұрғыны екені белгілі болды. Соттың шешімімен әйел әкімшілік құқық бұзғаны үшін айыппұл төлеуге міндеттелді.
Полиция өкілдері интернет кеңістігінде жасалған құқық бұзушылықтар да заң аясында қаралатынын атап өтті. Сондай-ақ мұндай заңсыз әрекеттерді анықтау және олардың жолын кесу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын ескертті.