Семейде той кортежінің қатысушылары жауапқа тартылды

407

Көліктер арнайы тұраққа қойылды.

Семейде той кортежінің қатысушылары жауапқа тартылды Фото: inbusiness.kz

Семейде той кортежінің қатысушылары жауапқа тартылды. Полицейлер әкімшілік құқықбұзушылық туралы 16 хаттама толтырды, деп жазады inbusiness.kz.

"Қауіпсіздік белдіктерін пайдалану қағидаларын, жолаушыларды тасымалдау қағидаларын, маневр жасау қағидаларын бұзғаны, авариялық жағдай жасағаны және осы құқық бұзушылықтарға жол берген адамдарға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы 16 хаттама жасалды. Көліктер мамандандырылған тұраққа қойылды", - деп хабарлады Абай облыстық Полиция департаменті.

Жол қозғалысы ережелерін бұзғандар камера алдында кешірім сұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу