Семейде үй ауласынан сібір елігі табылды

291

Водный кентінің тұрғынынан "102" арнасына тұрғын үй ауласында елік жүргені туралы хабарлама түскен.  

Семейде үй ауласынан сібір елігі табылды Фото: polisia.kz

Оқиға орнына табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері барып, жануардың сібір елігі екенін анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Еліктің артқы тұяғында жарақаттан қалған із, мойнында қарғыбау болған.

Инспекторлар елікті күтіп-бағу және бақылау мақсатында Семей қаласының биологиялық орталығына тапсырды.

Полиция жабайы жануарларды заңсыз ұстау заңнамаға қайшы екенін ескертеді.

"Жарақат алған немесе әлсіреген жабайы жануарды байқаған жағдайда дереу полицияға немесе уәкілетті органдарға хабарласыңыз", – дейді мамандар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу