Семейде жасалған ірімшік Франциядағы байқауда үздік өнім деп танылды

489

Сайыста 68 мемлекет өз өнімін ұсынған. Оның ішінде ірімшік жасаумен айналысатын Абай облысының кәсіпкері Екатерина Паязитова да бар.

Семейде жасалған ірімшік Франциядағы байқауда  үздік өнім деп танылды

Францияның Тур қаласында ұйымдастырылған "Le Mondial du Fromage" - ірімшік өндірушілердің Еуропадағы ең беделді байқауы.

Мыңдаған өнімдердің ішінде семейлік кәсіпкердің "Mulatto" ірімшігі күміс медаль, ал "Patisson" мен "Amorelli" сорттары қола медаль алды. Сондай-ақ, Екатерина Паязитова сыр гильдиясының құрметті мүшесі атағына ие болды. Еуропада жетістікке жеткен кәсіпкер енді жұмыс істеп тұрған  цехын кеңейтіп, Абай облысында ірімшікті өндірісін одан әрі жетілдіре түсіруді жоспарлап отыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу