Семейдегі 11 адам зардап шеккен өрттен кейін барлық ойын-сауық орталықтары тексеріледі

98

Айта кетейік, кеше сағат 19:00 шамасында Семей қаласындағы "BALA park" балалар ойын-сауық орталығынан өрт шыққан болатын. 

Семейдегі 11 адам зардап шеккен өрттен кейін барлық ойын-сауық орталықтары тексеріледі Фото: medicine-in-life.ru

Облыс әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, өңірдегі барлық ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері және адамдар көп жиналатын нысандардың өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі тексеріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

- Аймақ басшысы Берік Уәли жауапты мемлекеттік органдарға аталған нысандарда өрт қауіпсіздігі ережелерінің қатаң сақталуын, эвакуациялық орындардың жай-күйін, өрт сөндіру құралдарының дайындық деңгейін зерделеп, қауіпсіздік жүйелерінің жұмысына бақылауды күшейтуді жүктеді, - делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу