Семейдегі биоорталықта аюлар оянып кетті

434

Семейдегі биоорталықта Боря мен Зита атты аюлар оянып кетті.  

Семейдегі биоорталықта аюлар оянып кетті Фото: khabar24.kz

Қыстың ортасындағы бұл құбылысты орталық қызметкерлері видеоға түсіріп, әлеуметтік желідегі мекеме парақшасына жүктеді, деп жазады inbusiness.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Видео астындағы пікірлер арасында тұрғындардың таң қалған жазбалары көп.

Ал биоорталық мамандарының айтуынша, аюлардың қыс ортасында ұйқыдан оянуы – қалыпты жағдай. Себебі, биыл қыс аталмыш жануарлар үшін жылы болып тұр екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу