Семейдегі былғары тері-мех комбинаты шикізат тапшылығынан тоқтап тұр

2677

Семейдегі былғары тері-мех комбинаты шикізат тапшылығынан тоқтап тұр

Семейдегі былғары тері-мех комбинаты күніне 70 тонна ірі қара терісін өңдеуге тиіс екен, бірақ қазіргі уақытта бұндай көрсеткіш мүлде жоқ. Жоспардың тек 7 пайызы ғана орындалып келеді, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Аталмыш комбинат жыл он екі айдың 9 айында жұмыссыз тұратын болып шықты. Себебі, осында өндірілетін 16 түрлі теріні дайындап шығаруға өндірушілерге шикізат жоқтығы қолбайлау болып отыр. Бүгінде нарықта жаңадан пайда болған шетелдік алып-сатарлар семейлік өнім өндірушілердің өнімдерінің үштен бірін өз елдеріне тасып алып кетеді. Сөйтіп, Шығыс Қазақстандық шикізат Ауғанстан, Қытай және тағы басқа елдерге үсті-үстіне тонналап кетіп жатыр.

"Оның үстіне салықтың да еңсені басып тұрған мәселесі тағы да бар", - деген еді осыдан біраз бұрын Астанадан ат арылтып келген ҚР парламент депутаты Владислав Косаревке "Семей былғары тері-мех комбинаты" ЖШС директоры Жұмағазы Рахымғалиев.

"Дәл қазіргі таңда біз 9 ай тоқтап тұрамыз, тек 3 ай ғана жұмыс істейміз,- деп түсіндірді нақты жағдайды директор Жұмағазы Рахимғалиев. - Шикізат жетпей жатыр. Шығыс Қазақстанда өндірілетін терінің тек 10 пайызын ғана жинақтай аламыз. Бұл дегеніміз жылына 40 тонна ірі қара терісін ғана өңдейміз деген сөз. Ал негізінде тәулігіне 70 тонна өңдей алатын қабілетіміз бар. Облыс бойынша жылына 400 мың бас ірі қара терісі өңдеуге өткізілуге тиіс".

Жұмағазы Рахимғалиевтің айтуынша, қазірде Қытай мен Ауғанстан алып-сатарлары біздің елдің, облыстың ірі қара терілерін сатып алу үшін қымбат баға ұсынады. Ауыл адамдары әрине, бұған келіседі. Осылайша, өзіміздің отандық кәсіпорында шикізат жеткіліксіз болып тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу