Семейдегі цемент зауытының аумағында өрт шықты

Оқиға орнында қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 

Семейдегі цемент зауытының аумағында өрт шықты  Фото: Абай облыстық ТЖД

Семейде цемент зауытының аумағында тасымалдауыш таспа өртенді. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Абай облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметтері бойынша, 9 қаңтар күні сағат 12.59-да өрт сөндіру қызметіне цемент зауытының аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері келгеннен кейін ақпарат расталды.

"Барлау жұмыстарын жүргізу барысында әктас беру галереясында тасымалдауыш таспаның жанғаны анықталды. Өрт орнында дереу өртті жою жөніндегі жедел штаб құрылып, сөндіруге арналған 3 жауынгерлік учаске анықталды. Өрт сөндіру 3 автосатқыштар және өрт сөндіру цистерналарының лафеттік оқпандарын қолдану арқылы жүзеге асырылды", - деп түсіндірді Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ресми мәліметке сәйкес, өрт 390 шаршы метр аумақты шарпыған.

Сонымен қатар, Абай облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің күштерімен ғимарат астында орналасқан жабдықтарды жөндеу цехынан 50 литрді құрайтын 9 газ баллоны шығарылды.

Қазіргі таңда, өрттің нақты шығу себептері анықталып жатыр. Сондай-ақ, өртті жоюға жеке құрамның 47 адамы, 13 бірлік техника және 1 газ-түтіннен қорғау қызметінің автокөлігі жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу