Семейдегі ескі көпірдің жағалауы құлады

328

Салдарынан сол жағалауда байланыс нашарлаған.  

Семейдегі ескі көпірдің жағалауы құлады Фото: Instagram/414kz

Семей қаласында ескі автокөлік көпірінің жағалауы құлап, елдің үрейін ұшырды. Белгілі болғандай сол жағалаудан оң жағалауға қарай өтетін жиегі құлаған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Семейліктер "ескі көпір" деп атап кеткен бұл көпір 1964 жылы салыныпты. Содан бері жөнді жөндеу көрмегендіктен шіріп кеткен.

Тұрғындардың айтуынша, көпірдің құрылысы қаусап тұрған көрінеді. Енді көпірдің өзі де құлап кете ме деп қауіптенеді.

Оқиға 12 наурызда болған. Көпірдің жағалауы құлағанда байланыс құралдарының желілеріне де зақым келген. Салдарынан сол жағалауда байланыс нашарлаған. 

"Автокөлік көпіріндегі қоршаулардың құлауына байланысты "Қазақтелеком" АҚ-ның оптикалық байланыс желілері зақымданған, соның салдарынан Семей қаласының сол жағалауында интернет жоқ. Жақын арада интернет жұмысы қалпына келтіріледі", – дейді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әлідбек Увасилов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу