Семейдегі ойын-сауық орталығындағы өрттен зардап шеккендер саны 11 адамға жетті

108

Олардың ішіндегі төртеуі – бала.

Семейдегі ойын-сауық орталығындағы өрттен зардап шеккендер саны 11 адамға жетті Фото: inbusiness.kz

Семей қаласындағы ойын-сауық орталығында болған өрттен кейін медициналық көмекке жүгінгендер саны 11 адамға дейін артты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендердің біршамасы ауруханаға жатқызылған.

Бір бала "Семей медицина университеті" КеАҚ университеттік госпиталінің балалар бөлімінде ем қабылдап жатыр. Тағы үш бала дәрігерлік тексеруден кейін амбулаторлық емге жіберілген.

Ересектер арасында медициналық көмекке жеті адам жүгінді. Олардың төртеуі университеттік нефрология орталығына жатқызылды. Екі адам тексерістен кейін оқиға орнында қалған, ал бір адам медициналық тексеруден бас тартқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу