Семейдегі стоматологияда тексерістен өтпеген құралдар пайдаланылған

147

Аталған заңбұзушылық медициналық қызмет көрсету кезінде міндетті талаптардың сақталуына жүргізілген тексеріс кезінде анықталды.    

Семейдегі стоматологияда тексерістен өтпеген құралдар пайдаланылған Фото: levanta.ru

Семей қаласындағы стоматологиялық клиникалардың бірінде Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнама талаптарының бұзылғаны белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Пациенттерді диагностикалау және емдеу кезінде белгіленген тәртіпте міндетті салыстырып тексеруден өтпеген өлшем құралдары қолданылған. Салыстырып тексеруден өтпеген өлшем құралдарын пайдалану Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасының талаптарын бұзуы болып табылады.

Денсаулық сақтау саласында салыстырып тексеруден өткен өлшем құралдарын қолдану міндетті, өйткені олардың дәлдігі пациенттердің денсаулығы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.

– Медициналық практикада өлшеулердің дәлдігі пациенттердің денсаулығы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Өлшем құралдары дәрілік препараттар мен анестезия дозаларын есептеу кезінде, пациенттің жағдайын бақылауда және медициналық жабдықтың жұмысын қамтамасыз етуде қолданылады. Салыстырып тексеруден өтпеген аспаптарды пайдалану дұрыс емес нәтижелерге әкеліп, көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін, – деп атап өтті Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Жанна Есенбекова.

Тексеру материалдарын қарау қорытындысы бойынша ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 696 325 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу