Семейдің су жүйесін жаңғыртуға Еуропа қайта құру және даму банкінен несие алынды

1036

Семейдің су жүйесін жаңғыртуға Еуропа қайта құру және даму банкінен несие алынды

Еуропа қайта құру және даму банкі Семейге 1 млрд 156 млн теңге несие берді, деп хабарлайды altaynews.kz.  

Семейде қаланы сумен қамту жүйесін жаңғырту жұмыстарына ашық тендер өтті. Сонымен екі алматылық фирма тендерді ұтып алды. Олар "Семей су арнасы" кәсіпорнын арнайы құбыр жуатын кешенді машина жабдықпен, апаттық машина, илосос және тағы басқа құралдармен қамтымақ.

Жүйені жаңғырту жұмыстарына Еуропа қайта құру және даму банкімен қатар Қазақстан Республикасының үкіметі де қаражат бөліп отыр. Негізгі жұмыстар 2018 жылы басталады. Әзірше құрал-жабдықтар мен қажетті техника мөлшері анықталу үстінде.

Комиссия төрағасы Талғат Кенжебаевтың айтуынша, Семейдің сумен қамту жүйесі әбден ескірген. Су құбырлары мен желілері түбегейлі ауыстыруды қажет етеді. Осы үшін "Басымдық берілетін бағдарламалар" аясында Семей қаласының сумен қамту жүйесін жаңғырту үшін ЕҚҚДБ біздің қаламызға 1 млрд 156 млн теңге несие берді. Ал ел үкіметі 925 млн теңгенің мақсатты трансфертін бөліп отыр. Тіпті облыс және қала бюджетінен де қосымша қаражат бөлініпті. Сондықтан да жақын арада осы қаржыға арнайы техника, су сорғыш жабдықтар, хлорлағыш құралдар сатылып алынады. Ал су құбыр, желілері қаланың оң жағалауында да, сол жағалауында да бірден қолға алынып, әр ауданда жұмыс бірден басталмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу