Семейлік оқушы ҰБТ-дан 140 бал жинады

101

Семейлік оқушы Ерасыл Сайлауов Наурыз ҰБТ-дан 140 бал жинады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Семейлік оқушы ҰБТ-дан 140 бал жинады Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Сайлауов Ерасыл – Абай облысы, Бородулиха ауылының тумасы. Ол қазіргі таңда Әлихан Бөкейхан атындағы қазақ орта мектебінің және "Тарих мектебі" білім беру орталығының түлегі.

Ерасыл Наурыз айындағы ҰБТ-да 140 балл жинап, Қазақстан бойынша ең жоғары нәтижеге қол жеткізді. Аталған көрсеткіш негізінде ағылшын тілі пәнінен 50 баллдық конвертация жасалды.

Ерасылдың бос уақытының басым бөлігі кітап оқуға және шет тілдерін меңгеруге арналады. Тіл үйренуге деген қызығушылығының нәтижесінде ол 10-сыныпта оқып жүрген кезінде IELTS халықаралық емтиханын тапсырған. Сонымен қатар волейбол спортымен тұрақты түрде айналысады.

Ерасылдың негізгі мақсаты – нағыз ҰБТ-да дәл осы нәтижені қайталап, 140 балл иегері атану және "Дипломатия" мамандығы бойынша мемлекеттік білім грантына ие болу.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу