Семей қаласының 37 жастағы тұрғыны көлігімен Ертіс өзеніндегі Бейбітшілік аралында суға түсіп кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Құтқарушылар оқиға орнына келгенде су көліктің терезелеріне дейін жеткен. Ал жүргізушісі көліктің төбесіне шығып тұрды. Құтқарушылар алдымен ер адамды жағаға апарып, жылытып, содан кейін көлікті судан алып шықты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу