Семейлік тұрғын танысының үйінен құны 1 млн теңге болатын алтындарды ұрлаған

420

Күдікті бірден анықталды.  

Семейлік тұрғын танысының үйінен құны 1 млн теңге болатын алтындарды ұрлаған Фото: ourgold.ru

Семейде полицияға 43 жастағы жергілікті тұрғын арызданған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жәбірленушінің айтуынша, үйінен қонақтар кеткеннен кейін залдағы сандықшада тұрған алтын бұйымдардың жоғалғанын байқаған.

Ұрланған заттар қатарында – алтын сырға, білезік және жүзік бар. Келтірілген шығын мөлшері 1 млн теңгеден асады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні, қаланың 46 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады. Ұрланған зергерлік бұйымдар тәркіленді. Оқиға орнынан саусақ іздері алынып, фототүсірілім жүргізілді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейін тергеу басталды.

Күдіктіге қатысты процессуалдық шара ретінде келу туралы міндеттеме қолданылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу