Сенат БАҚ туралы заңнамаға енгізілген түзетулерді қабылдады

678

Сенат БАҚ туралы заңнамаға енгізілген түзетулерді қабылдады

Бүгін Сенат БАҚ туралы заңнамаға енгізілген түзетулерді қабылдады. Құжатта тұлға мен редакция арасындағы дәлелсіз ақпаратқа қатысты дау-дамайды сотқа дейін шешу тәртібіне қатысты норма қарастырылған.

Субтитрді және сурдоаударманы қолдану арқылы мүмкіндігі шектеулі жандардың ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз етуге байланысты өзгерістер ұсынылып отыр. Бұған қоса, газеттің немесе журналдың өкілетті органға өткізілетін міндетті данасын енді электронды түрде тапсыруға рұқсат берілмек.

Қорыта айтқанда, заң жобасында 16 заңға және 6 кодекске 280-нен астам өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу