Сенат депутаттары бірқатар заңды мақұлдады

324

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. 

Сенат депутаттары бірқатар заңды мақұлдады Фото: egemen.kz

Сенаторлар бірқатар заңды мақұлдады, деп жазады inbusiness.kz ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенаторлар "Кедендік әкелу баждарының (балама қолданылатын өзге де баждар, салықтар мен алымдар) сомаларын есепке жатқызу және бөлу, оларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібін сақтау мәселелері бойынша бірлескен бақылау іс-шараларын өткізу туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды мақұлдады.

Ақпаратқа сәйкес, бұл заң ЕАЭО-ға мүше елдердің уәкілетті органдарының Еуразиялық экономикалық одақта кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке алу және бөлу тәртібін сақтауын, бюджет қаражатының заңдылығы мен уақтылы қозғалысын бақылауды қамтамасыз етуге арналған.

Бұдан басқа "Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы" заң мақұлданды. Құжат қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысты рәсімдерде өзара құқықтық көмек көрсетуді көздейді.

Мәулен Әшімбаевтың сөзінше, аталмыш заң Қазақстан мен Франция арасында қылмыстық істер бойынша өзара ынтымақтастықты нығайту үшін құқықтық негіз қалыптастырады.

Бұдан басқа Сенат отырысында "Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазасын одан әpi өтеу үшін беру туралы шартты ратификациялау туралы" заң мақұлдады. Аталмыш шарттың негізгі мақсаты сотталғандардың жазасын өз елдерінде өтеуіне, қоғамдық өмірге қайта бейімделуіне жәрдемдесуді көздейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу