Сенат депутаты шағын бизнесті жөнсіз тексерістен қорғауды сұрайды

823

Сенатор Андрей Лукиннің келтірген мәліметтеріне қарағанда, 2020 жылы әрбір үшінші тексеріс шағын кәсіпкерлікке жасалған. Соның ішінде әрбір бесінші тексеріс кәсіпкерлердің құқықтарын бұза отырып жүргізілген. Тиісті органдар тарапынан 12 мыңнан астам құқық бұзу дерегі анықталды. 

Сенат депутаты шағын бизнесті жөнсіз тексерістен қорғауды сұрайды

Сенатор Андрей Лукин осыған байланысты премьер-министрден заң бұзушылықтарды жоюға көмектесуді сұрады. 

"Уәкілетті органдардың тексеру мен бақылаудың өзге де түрлері бойынша қызметін мемлекеттік бақылаудың уақытылы жүзеге асуын қамтамасыз ету, бақылау және қадағалау органдарының қызметіндегі бақылау іс-шараларын сапалы және тиімді жоспарлауды, оның ішінде тәуекелдерді бағалаудың ведомстволық жүйесін жетілдіру арқылы ұйымдастыруды, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу фактілері бойынша қолданыстағы заңнамаға лауазымды адамдардың жауапкершілігін қатаңдатуға бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде бастама жасау мүмкіндігін қарастыруды сұраймын", – деді сенатор өз сауалында. 

Депутат сонымен қатар қарамағындағы қызметкерлердің іс-әрекетіне тиісті бақылауды қамтамасыз етпеген бақылау және қадағалау органдарының кінәлі лауазымды тұлғаларымен қатар орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар басшыларының да тәртіптік жауаптылығы туралы мәселені қарауды сұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу