Сенат "Қазақстанның халық жазушысы" атағын қайтару туралы заңды мақұлдады

Бұл атақ еліміздің әдебиетін дамытуға ерекше үлес қосқан, бұрын "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған тұлғаларға беріледі. 

Сенат "Қазақстанның халық жазушысы" атағын қайтару туралы заңды мақұлдады Фото: azattyq-ruhy.kz

Депутаттар назарына "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік наградалар, мемлекеттік авиация, қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңы ұсынылды.

Аталған заңда "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы", "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы", сондай-ақ "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Заңдарға түзетулер енгізіліп, жетілдіру көзделген.

Бұл туралы Сенатор Геннадий Шиповских баяндама жасады.

"Мемлекет басшысының 2023 жылғы 17 маусымдағы "Әділетті Қазақстан – Адал азамат" тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында  "Халық жазушысы" атағын қайтару туралы тапсырмасына сәйкес, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Заңға өзгерістер енгізу жұмыстары жүргізілуде", - деді сенатор.

"Қазақстанның халық жазушысы" атағы – еліміздің әдебиетін дамытуға ерекше үлес қосқан, бұрын "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған тұлғаларға берілетін болады. Сондай-ақ, ұлт әдебиетін жаңа деңгейге көтерген, әдеби шығармашылық ортаның ең жоғарғы сыйлығы болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу