Сенат комитеттеріне жаңа төрағалар сайланды

1168

Парламент сенатының пленарлық отырысында ҚР парламент сенатының тұрақты комитеттеріне жаңа төрағалар сайланды.

Сенат комитеттеріне жаңа төрағалар сайланды

ҚР парламент сенатының комитеттеріне жаңа төрағалар сайланды, деп хабарлайды сенаттың баспасөз қызметі.

Владимир Волков – сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы;

Мұхтар Құл-Мұхамед – халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы;

Серік Жақсыбеков – экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы;

Мұрат Бақтиярұлы – Әлеуметтік мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы болып сайланды ;

Әли Бектаев – Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аймақтарды дамыту комитетінің төрағасы болып сайланды.  

Сондай-ақ, осы уақытқа дейін комитет төрағасы лауазымын атқарып келген Ольга Перепечина қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болып қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу