Сенат сот жүйесіне қатысты заң жобасын қабылдады

743

Жоғарғы сотта әкімшілік істер бойынша сот алқасын құру ұсынылады. 

Сенат сот жүйесіне қатысты заң жобасын қабылдады

Сенаттың жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" ҚР Конституциялық заң жобасы қабылданды, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі. 

Сенат депутаты Владимир Волковтың айтуынша конституциялық заңның екі бөлігіне түзетулер енгізілген. 

"Біріншіден, Жоғарғы сотта әкімшілік істер бойынша сот алқасын құру ұсынылады. Облыстық соттарда да тиісті сот алқалары құрылатын болады. Бұл іс-шара сот жүйесіне өңірлерде істердің бөлінуіне байланысты үнемі өзгеріп отыратын жағдайға жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Екіншіден, заң жобасында Мемлекет басшысы тағайындауға ұсынатын Жоғарғы сот төрағасы және Жоғарғы сот судьялары лауазымдарына кандидаттарға қойылатын талаптарға қатысты өзгерістер болып отыр. Бұл түзетулер Мемлекет басшысы ұсынған кандидаттарға ғана қатысты екенін ерекше атап өткен жөн. Олар басқа судьяларға қатысты болмайды және заңнамаға сәйкес олар Жоғары сот Кеңесінің ұсынымынан өтеді", – деді сенатор.

Сонымен қатар  Владимир Волков Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстен "Жоғарғы соттың мамандандырылған сот алқасы" ұғымын алынып тастау ұсынылып отырғанын атап өтті.  

"Бұл 1 шілдеден бастап Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің іс жүзінде жұмыс істеуіне бағытталған", – деді сенатор. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу