Сенат Төрағасы ТүркПА Бас хатшысымен кездесті

656

Кездесу барысында Түркі Кеңесінің төтенше саммитінің шешімдерін іске асыру мәселелері талқыланды.  

Сенат Төрағасы ТүркПА Бас хатшысымен кездесті

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсуповпен кездесті, деп хабарлайды жоғары палатаның баспасөз қызметі.

Аталған жиында мемлекет басшылары коронавирус пандемиясымен күресу үшін ұлттық деңгейде қабылданған шаралар туралы және елдеріміз арасындағы індетпен күрес жөніндегі ынтымақтастық бойынша пікір алмасқан болатын.

Сенат Төрағасы ТүркПА-ның қазақ, әзербайжан, қырғыз және түрік тілдеріндегі терминологиялық бірыңғай заң анықтамалығын құру идеясына қолдау білдірді. Бұл жоба ұйымға қатысушы елдердің заңнамасында қолданылатын құқықтық терминологиямен жұмысты айтарлықтай жеңілдете алады.

Мәулен Әшімбаев былтыр Жастар жылы аясында Қазақстан астанасында жас парламентшілердің алғашқы отырысы өткеніне назар аударып, бұл бастаманың болашақта жалғасатынына сенім білдірді.

Сонымен қатар тараптар ТүркПА елдері парламентшілерінің көпжақты ынтымақтастығын одан әрі дамытуға қатысты пікір алмасып, ұйым қызметінің бірқатар өзекті мәселелерін талқылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу