Сенатқа Бақыт Мелдешевті ОСК мүшелігінен босату ұсынылды

531

Мәселе Сенаттың ертеңгі отырысында қаралады. 

Сенатқа Бақыт Мелдешевті ОСК мүшелігінен босату ұсынылды

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқыққорғау органдары жөніндегі комитеті Орталық сайлау комиссиясында 20 жыл жұмыс істеген Бақыт Мелдешевті ОСК мүшелігінен босату туралы мәселені қарады.

"Орталық сайлау комисиясының мүшесін мерзімі өтуіне байланысты лауазымнан босату ұсынысын қолдау және  2020 жылғы 12 наурыздағы отырысқа шығару туралы шешім қабылданды. Комитет Сенатқа Мелдешев Бақыт Сәрсенбайұлын орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымынан босатуды ұсыну туралы шешімге келді. Бәріміз Бақыт Сәрсенбайұлын жақсы білеміз. Ортамыздан сайланып, отырыстарға қатысып, өте ауқымды жұмыс атқарды. Орталық сайлау комиссиясында 20 жыл бойы еңбек етті. Оның ішінде 10 жылын ОСК хатшысы ретінде өткізді. Бақыт Сәрсенбайұлы 1987 жылы Қазақ ССР Жоғарғы кеңесіне келіп, содан бері мемлекеттік қызметте жұмыс істеп келеді. Бақыт Сәрсенбайұлы еңбегіңіз үшін ерекше алғыс айта отырып, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, ісіңізге сәттілік тілейміз", – деді ҚР Парламент Сенатының депутаты Владимир Волков комитеттің отырысында. 

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу